12 шілдеде Успен ауданына Павлодар облысы әкімінің орынбасары Ә. Ж. Қабылтаева жұмыс сапарымен келді.

12 шілдеде Успен ауданына Павлодар облысы әкімінің орынбасары Ә. Ж. Қабылтаева жұмыс сапарымен келді.
n_makashev
12 шілдеде Успен ауданына Павлодар облысы әкімінің орынбасары
Ә. Ж. Қабылтаева жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс сапары аясында күнбағыс, бидай, арпа, жүгері және қарақұмық дақылдары егістігінің жағдайымен танысты.
Аудан шаруалары жұмысының жоғары тиімділігін атап өтті. Бұл мемлекеттік қолдау шаралары, атап айтқанда арзандатылған дизель отыны, жеңілдетілген несиелеу және субсидиялар жүйесінің нәтидесінде мүмкін болды.

2025 жылы егіс алқабы 264,4 мың га құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5% - ға артық. Өсім майлы дақылдар алқаптарын кеңейту есебінен қамтамасыз етілді.