ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ

Меритократия қағидаты бойынша (мемлекеттік қызметшінің мансаптық ілгерілеуі) «Успен ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы АСЕЛЬ ТЕМИРБОЛАТОВНА БИЖАНОВА Успен ауданы әкімінің 2025 жылғы 17 маусымдағы №169 өкімімен Успен ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.

Асель Темирболатовна 1980 жылы 27 желтоқсанда Успен ауданы Қаратай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Алматы Экономика және статистика институтын бітірген.

2003-2007 жылдары Успен аудандық статистика бөлімінде жұмыс істеді. 2007-2017 жылдары «Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бас маманынан басшысына дейін, 2017-2020 жылдары Павлодар облысы Кәсіпкерлер Палатасы Успен ауданы филиалының директоры қызметтерін атқарды. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін - «Успен ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы.