Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

 Құрметті әлеуетті сауда-саттық қатысушылары! Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ 2024 жылғы 12шілдедегі сағат 10:00-де Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында (бұдан әрі – Портал) бағаны көтеру әдісіменжер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша электрондық аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды. 

Аукционға қатысуға өтінімдер беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы «Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларын бекіту туралы» № 920 қаулысына және Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша, оның ішінде электрондық түрде сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 297 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу тізілімнің веб-порталында аукцион өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жүзеге асырылады және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, ол аяқталғаннан кейін қатысушылар берілген өтінімді кері қайтарып ала алмайды.  

Аукционға қатысу үшін тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және                  әкесінің аты (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;

4) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, e-mail).

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған қатысу өтінімін тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілімнің веб-порталымен өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып,                       аукцион залына кіреді. Аукцион сауда-саттық өткізу туралы хабарламада көрсетілген Нұр-Сұлтан қаласының уақытында                               сату объектісінің бастапқы бағасын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен басталады.

Әрбір сатылған сату объектісі бойынша аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді,      оған сатушы мен жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда-саттық өткізілген күні тізілімнің веб-порталында қол қояды.

Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату бағасы бойынша сату объектісін сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.

Сатып алу-сату шарты немесе жалға алу шарты тізілімнің веб-порталында электрондық форматта жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде аспайтын мерзімде қол қояды.

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысу сатушы мен сатып алушы арасында жүргізіледі. Бұл ретте сатып алушы ұйымдастырушыға төлемдерді аударуды мынадай тәртіппен жүргізеді:

      1) кепілпұл (аванстық төлем) жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сату бағасының 50 (елу) % - ы мөлшерінде енгізіледі. Кепілдік жарна тиесілі аванстық төлем есебіне есептеледі;

      2) қалған сома жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей енгізіледі.

Аукционға қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың деректемелеріне енгізіледі:

       Төлем алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ, БСН: 050540004455; СТК: 171; Кбе: 16.

«Қазақстан Халық банкі» АҚ-дағы есеп айырысу шоты (IBAN/ЖСК): KZ946017111000000330; БСК:HSBKKZKX.

       НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қойылмаған жағдайларда жеңімпазға кепілдік жарна қайтарылмайды.

       Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар бірыңғай операторға аукцион қатысушысынан тізілім веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қойылған өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қайтарылады.

 

Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукционға келесі сату объектілері қойылады:

 

Р/с

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің

мақсатты нысаны

Жер учаскесінің көлемі, га

Иеліктеншығарылатынқұқықтүрі

(жеручаскесінменшікқұқығынемесежалғаалуқұқығы)

Жеручаскесінебарлықауыртпалықтардың (шектеулердің) тізбесі

Жалдау ақысының сомасы, теңге

Сауда-саттықты  өткізу тәсілі  мен әдісі

Бастапқы (минималды) бағасы,

(теңге)

Кепілдік  жарнаның сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

9

1

Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен ауылдық округі, Успен ауылы

Көп пәтерлі тұрғын үйді салу және орналастыру үшін

0,4875

уақытша өтеулі мерзімді жер пайдалану құқығы 3 (үш) жыл мерзімге

коммуникацияны салу және пайдалану

негізінде кедергісіз мүмкіндігі болу үшін

сервитут орнатылды

4 212

Электрондық аукцион

 

бағаның өсуіне қарай

1 279 687,50

184 600

 

Ұйымдастырушы: Успен ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ

Ақпаратүшін телефон: 8(71834)91730