Референдум

Референдум

ХАБАРЛАНДЫРУ

2024 жылғы 6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы бойынша республикалық референдум өтеді.

Республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімін жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу негізінде жасайтынын Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.

Тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар дауыс беру күніне дейін бірайдан кешіктірмей немесе 2024 жылғы 6 қыркүйекке дейін Успен ауданының әкімдігіне өтініш беруі қажет (Мекен-жайы: Успен ауылы, Қазыбекби көшесі, 71, каб. 12).

Осы құқықты пайдалана алатын азаматтар:

- дауыс беру күні тіркелген жерінде болмайтынын білетін азаматтар;

- жатақханадан тыс жерде  тұратын жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитын басқа қаланың студенттері;

- вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар.

Республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізіміндегі өздеректерін Успен ауданы әкімдігінің Call-орталығы арқылы +7 (71834) 92-099 нөмірі бойынша немесе өздеректерімен Whats App +7 7085919169 нөміріне хабарлама жіберу арқылы тексеруге болады.

Call-орталықтың жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін(үзіліс 13.00 - 14.30), сенбі сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін +7 (71834)91444 .

Успен ауданының барлық тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным танытуға және референдумға қатысуға шақырамыз!