2024 жылдың 13 қыркүйегінде Успен ауылында 5-6 сынып оқушылары арасында футболдан аудандық жарыс өтті. Жарысқа ауданның әртүрлі мектептерінен 9 команда қатысты. Біздің округтің намысын Қоңырөзек ауылының Павлов орта мектебінің ұлдар командасы қорғады. Командалар арасындағы ойындар өте қарқынды болды. Болашақ ойыншылар допты иеленудің жақсы техникасын көрсетті. Барлық балалар гол соғуға тырысты. Гол соққандар өздерінің сүйікті кумирлеріне еліктеп, жеңісті Роналду, Месси және Мбаппе сияқты атап өтті. Жарыс қорытындысы бойынша біздің балалар 2-ші орынға ие болып, диплом және медальдармен марапатталды.