Қоңырөзек ауылының мәдениет үйінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына арналған іс-шара өтті. Іс-шараға мәдениет үйінің қызметкерлері, мұғалімдер, оқушылар, жергілікті тұрғындар, сондай-ақ ауған соғысының қатысушысы Загаров О. Р., марқұм ауған соғысының қатысуышысы В.В.Бочковскийдің жұбайы Т. А.Бочковская қатысты.
Іс-шарада округ әкімі Руслан З.Кумуков құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ О.Р. Заугаров пен Т. А. Бочковскаяға естелік сыйлықтар табыс етті. Салтанатты шараға қатысушылар сол зұлмат жылдардың әндерін шырқады. Көрермендер біраз уақыт атмосфераға еніп, көптеген жылдарға созылған Ауған соғысының барлық азабы мен зардабын бір сәтке сезінгендей болды.