
ҚР «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Қ. Шарлапаевтың жұмыс сапары өтті, оның барысында Павлодар облысының кәсіпкерлерімен кеңейтілген кездесу өткізілді.
Өңір кәсіпкерлерімен кеңейтілген кездесу аясында бизнесті дамытудың өзекті мәселелері, мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ іскерлік ахуалды жақсарту бойынша ұсыныстар талқыланды.
Сонымен қатар жұмыс сапары аясында Қанат Шарлапаев облыстың бірқатар ірі кәсіпорындарын аралады:
- «Ертіс гидрометаллургиялық комбинаты» ЖШС - өнеркәсіп нысанының құрылыс алаңы;
- «Turkey PVL» ЖШС - күркетауық етінен жасалған шұжық өнімдерінің бірегей өндірісі;
- Ұшқышсыз авиациялық жүйелерді шығаруға маманданған «United Machinery Resources» ЖШС.
Жұмыс сапары мемлекет пен кәсіпкерлер арасындағы диалогты нығайтудағы маңызды қадам болды, сондай-ақ Павлодар облысының экономикасын дамытуға қосымша серпін берді.