
Алдағы іс-шараның негізгі міндеттері өндірістік кәсіпорындардың технологиялық дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өңірлік және халықаралық әріптестермен өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейту, өндіріске инвестициялар тарту, сондай-ақ экспорттық әлеуетті дамыту болып айқындалды.
Көрмеде Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шет елдердің өнеркәсібі саласындағы технологиялық жетістіктер - машина жасау және металл өңдеу, Өңдеу өнеркәсібі және су индустриясы саласындағы жаңа жабдықтар мен өнімдер ұсынылады. Іс-шараға әлемнің 20 елінен 300-ден астам қазақстандық және шетелдік компаниялар қатысады деп жоспарлануда.
Қызығушылық танытқан жағдайда, сондай-ақ толығырақ ақпарат алу үшін Павлодар облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасына Павлодар қ., Астана к-сі, 61, каб мекенжайы бойынша жүгіну қажет. 108 немесе тел.8(7182) 32-33-75.