
Кеңес барысында «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген Павлодар облысының әрбір қаласы мен ауданы үшін экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі бойынша және бағдарлама әкімшісінің –ҚР Ұлттық экономика министрлігінің келісімі бойынша экономика салаларына рейтингтер беру әдістемесін айқындау мәселелері қаралды.
«Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру Павлодар облысының шағын және микро бизнесін дамытуға серпін береді, сондай – ақ «ауыл аман» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары мен «бір ауыл-бір өнім» жобасының финалистеріне өз бизнесін әртараптандыруға, қызмет бағыттарын кеңейтуге және өз кәсіпорнының тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.