Бүгін Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында Облыстың кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Р. Е. Көкішевтің төрағалығымен Өңірлік экспорттық кеңестің отырысы өтті. Кездесу барысында экспорттаушылардың өзекті проблемалық мәселелері қаралды. "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ және "Kazakhexport" Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі" АҚ қатысушыларға қазақстандық экспорттаушыларға қолжетімді мемлекеттік қолдау шараларын егжей-тегжейлі түсіндірді.