Демалыс күндері қалада жергілікті тауар өндірушілердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Іс-шара аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізілді. Мониторинг нәтижелері бойынша өнімнің бағасы белгіленген талаптарға сәйкес келетіні және нарықтық бағадан орта есеппен төмен екендігі анықталды.
Ветеринариялық қызмет қызметкерлері өткізілетін жануарлардан алынатын тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігіне бақылау жүргізді, ветеринариялық ілеспе құжаттар, сақтау және өткізу шарттары тексерілді. Бұзушылықтар анықталған жоқ.
Сонымен қатар, жәрмеңке ұйымдастырушылары санитарлық талаптардың сақталуын және халық үшін қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз етті. Жәрмеңкені өткізу отандық өндірушілерді қолдауға және тұрғындарды сапалы және қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етуге ықпал етті.