Business.enbek.kz порталында 2025 жылғы 21 мамырдан бастап 1-лек бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар алуға өтінімдер қабылдау жүзеге асырылады. Павлодар облысы бойынша бірінші лекте 221 адамға грант беру жоспарлануда.
Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, нысаналы мақсаты жаңа бизнесті бастау және дамыту болып табылады.
Гранттың мөлшері 400 АЕК-ті (1 572 800 тенге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.
Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Өтінім беру үшін қажет:
- Порталда тіркелу;
- грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
- бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;
- өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.
Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады.
Гранты предоставляются на безвозмездной основе, их целевое назначение — запуск и развитие нового бизнеса.
Размер гранта составляет 400 МРП (1 572 800 тенге). Каждый участник может получить грант только один раз.
Средства гранта помогут начинающим предпринимателям раскрыть свой бизнес-потенциал, наладить и развить производство, а также обеспечить себя стабильным доходом.
Для подачи заявки необходимо:
Зарегистрироваться на портале;
Пройти проверку на соответствие условиям получения гранта;
Скачать шаблон бизнес-плана, заполнить его и загрузить на портал;
Заполнить форму заявки и подписать ее с помощью ЭЦП (электронной цифровой подписи).
В случае отсутствия доступа к интернету или компьютеру, подать заявку можно в зонах самообслуживания центров занятости или в центрах обслуживания населения.