Павлодар облысында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы ақпарат

Павлодар облысында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы ақпарат

          Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (оның ішінде қарттар, мүгедектер, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдар, адам саудасы мен тұрмыстық зорлық - зомбылық құрбандары) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі-АӘҚ) ұсынылады.

         Өңірде стационар, жартылай стационар және уақытша болу жағдайында 11 медициналық-әлеуметтік мекеме (бұдан әрі – МӘМ), қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде 15 үйде қызмет көрсету бөлімшесі және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға АӘҚ беретін ауылдық округтертерінде 118 қызмет жұмыс істейді.

         11 МӘМ-нен облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қарамағында қарттар мен мүгедектердің, психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балалардың тұрақты тұруына арналған 6 АӘҚ көрсету орталығы, сондай-ақ тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға, қарттар мен мүгедектерге арналған 2 оңалту орталығы бар. Басқармаға ведомстволық бағынысты арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының қызметтерімен есепті кезеңде 1750 адам қамтылды.

           Ағымдағы жылы ведомстволық бағынысты орталықтарды ұстауға 3573,9 млн.теңге сомасында қаражат көзделген, оның ішінде РБ - дан – 790,1 млн. теңге, ЖБ-2783,8 млн. теңге. Орталық қызметкерлерінің жалпы саны 1487,8 бірлікті құрайды.

           Облыстың 2 қаласында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне ведомстволық бағынысты өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталықтары жұмыс істейді (Павлодар қ. - 220 орынға, Екібастұз қ. - 50 орынға, оларды ұстауға 219,6 млн. теңге көзделген, оның ішінде РБ – 58,2 млн. теңге, ЖБ – 161,4 млн. теңге), үйде зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалары бар әйелдерді әлеуметтік – психологиялық оңалту және бейімдеу орталығы (ұстауға 41,0 млн. теңге теңге, ЖБ – 34,9 млн. теңге).

           Үйде қызмет көрсетумен (үйде күтім жасау) 2978 жалғыз басты және жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектер, тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек балалар қамтылды.

       Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтерді 629 әлеуметтік қызметкер көрсетеді (795,9 млн.теңге қарастырылған, оның ішінде РБ – 86,5 млн. теңге, ЖБ – 709,4 млн. теңге).

          Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2020 жылы АӘҚ көрсетуге 809 адамға 358,4 млрд.теңге бөлінді (РБ – 231,9 млн. теңге, ЖБ – 126,5 млн. теңге, оның ішінде жартылай стационар жағдайында – РБ - 162,4 млн. теңге, ЖБ - 33,8 млн. теңге, РБ - дан үйде күтім жасау – 62,9 млн. теңге, ЖБ – 92,7 млн. теңге, уақытша болу – РБ - дан 62,9 млн. теңге). РБ-6,6 млн. теңге, ЖБ-1,1 млн. теңге).

          Облыста мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) шеңберінде АӘҚ көрсететін субъектілер желісін кеңейту мақсатында 4 жоба іске асырылуда:

- "Жемчужина долголетия" демалыс үйінің базасында "Черноярская жемчужина" ЖШС тұлғасында жеке серіктес қарт адамдарды сауықтыру бойынша АӘҚ көрсетеді (5 жылға 379,2 млн.теңге сомасында қаражат көзделген (4.09.2017 ж. бастап 30.08.2022 ж. дейін). Серіктестің инвестициялары 40,2 млн. теңгені құрады. Жоба бойынша тұлғаларды жыл сайын қамту - 1320 адам, оңалту мерзімі-12 күн. Осы жобаны іске асырумен 43 тұрақты жұмыс орны құрылды, іске асырылған 5 жыл ішінде 6000-нан астам мұқтаж адамдар сауықтыру қызметтерімен қамтылады).

         Ақсу қаласында жұмыс істейді:

        -тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық патологиясы бар 38 мүгедек балаға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету оңалту орталығы (жобаны іске асыру кезеңі - 5 жыл (01.01.2019 жылдан бастап 31.12.2023 жылға дейін), 427,6 млн.теңге қарастырылды, инвестиция - 22,1 млн. теңге, 28 тұрақты жұмыс орны құрылды).

        - 20 қарттарға АӘҚ көрсетуге арналған Пансионат( жобаны іске асыру кезеңі - 5 жыл (01.10.2019 жылдан 31.09.2024 жылға дейін), Жобаның құны - 97,2 млн.теңге. Жеке серіктестің инвестициялары-40,8 млн. теңге. 9 тұрақты жұмыс орны құрылды).

       - 20 орындық өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы( жобаны іске асыру кезеңі-5 жыл (01.10.2019 жылдан 31.08.2024 жылға дейін), Жобаның құны - 115,9 млн.теңге. Жеке серіктестің инвестициялары 22,3 млн. теңгені құрады).