«Еңбек жолы» республикалық конкурсы

«Еңбек жолы» республикалық конкурсы

Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін «Еңбек жолы» республикалық конкурсына қатысуға шақырады.

«Еңбек жолы» республикалық конкурсының өңірлік кезеңіне қатысуға өтініштерді қабылдау 2025 жылдың 1сәуірден басталады.

Конкурс үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындап, еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеп, еңбек дәстүрлерін сақтап және оны көбейтуге мүмкіндік береді. Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттырып, өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді.

Конкурсқа мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, салаға қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.

Конкурс үш номинация бойынша өтеді:

1) Үздік еңбек әулеті – ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады.

Еңбек әулеті – бір ұймның бір отбасының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және аталған ұйымдағы жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған әулет өкілі әулеттің басшысы болып танылады.

Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс.

2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады;

3) «Өндірістің үздік жас маманы» - жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады.

Конкурсқа қатысу үшін екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде келесі материалдарды ұсынылады:

1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінім;

2) жеке куәліктің көшірмесі;

3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);

4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1 минуттан аспайтын компьтерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);

5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері/жұмыс орнынан анықтама;

6) жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат.

Бар болса (мынадай құжаттардың көшірмелері):

мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, мадақтау қағаздарының, алғыс хаттардың көшірмелері;

біліктілікті арттыру туралы куәліктер (бар болса).

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.

Өтініштерді қабылдау 2025 жылдың 1 сәуірден 1 шілдеге дейін жүргізіледі. Өтініштер Павлодар қ., Астана көшесі, 59, кабинет 214 мекен-жайы бойынша қабылданады.

Анықтама телефоны: 8 7182 325509