Облыстық Үйлестіру кенесінің отырысы

Облыстық Үйлестіру кенесінің отырысы

Ағымдағы жылдың 2 мамырында облыс әкімінің орынбасары А. А. Құрманованың төрағалығымен мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы облыстық Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, 2 өзекті мәселе қаралды:
1. 2024 жылғы 1 тоқсандағы жеке абилитация және оңалту бағдарламасын орындау туралы.
2. Арнайы білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру туралы.
Кеңес мүшелері мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және кедергісіз қолжетімділікті ұйымдастыру жергілікті атқарушы органдардың басым міндеттерінің бірі болып табылатынын атап өтті. Кеңес отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға ИПАР-дың сапалы орындалуын қамтамасыз ету және білім беру қызметтерін көрсету бойынша бірқатар тапсырмалар берілді