Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қазандағы «Мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы» № 335/10 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Павлодар облысы әкімдігі қаулысының жобасына пресс-релиз

Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қазандағы «Мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы» № 335/10 қаулысының күші жойылды деп тану туралыПавлодар облысы әкімдігі қаулысының жобасын әзірледі (бұдан әрі - Жоба).

Жоба Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына,  Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес әзірленді.

Жобаны қабылдаудың теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе салдары жоқ.

Жоба 2022 жылғы 20 қаңтарда «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.