«Павлодар облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» № 418/35 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Павлодар облысы мәслихат шешімінің жобасына пресс-релиз

«Павлодар облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» № 418/35 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»  Павлодар облысы мәслихат шешімінің жобасына пресс-релиз

Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Павлодар облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» № 418/35 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Павлодар облысы мәслихат шешімінің жобасын әзірледі (бұдан әрі - Жоба).

Жоба Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік  басқару  және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» № 417 бұйрығына сәйкес  әзірленді.

Жоба мәслихат шешіміне өзгерістерді енгізуге мүмкіндік береді, қосымша санаттар енгізу бөлігінде тұрғын үй сертификатын алу үшін, азаматтардың тұрғын үй сертификаты арқылы тұрғын үй сатып алу мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Осы шешімнің жариялануына жауапты болып «Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ белгіленсін.

Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар облыстық мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Жобаны қабылдаудың теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе салдары жоқ.

Жоба 2022 жылғы 18 қаңтарда «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13960887 орналастырылды.

пояснит Каз

решение Каз

СТ каз прав