Бүгін Павлодар облысына «Өңір» аттв депутаттық топ келді.

Бүгін Павлодар облысына «Өңір» аттв депутаттық топ келді.

Бүгін Павлодар облысына «Өңір» аттв депутаттық топ келді. Топ жетекшісі ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің хатшысы Е. Х. Сұлтанов. Топ құрамында ҚР Сенатының депутаттары А. С. Құртаев, А.Нұхұлы және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары З. Қ. Тұрысбеков бар. Депутаттық топтың сапар мақсаты Екібастұз қаласына қоныс аударушылар мен қандастарға арналған жеке тұрғын үй құрылысын салуды талқылау. Осы мәселе бойынша Екібастұз қаласының әкімдігінде облыс әкімінің бірінші орынбасары О. П. Круктың төреағалығымен кеңес өтті. Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А.А. Дисюпова облыста қоныс аудару мәселелері бойынша ағымдағы жағдай туралы баяндама жасады. Екібастұз қаласының әкімі Кантарбаев А. қатысушыларды "Екібастұз қаласының бес жылдық дамуы туралы" хабардар етті. Депутаттық топтың мүшелері жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен бірге қоныс аудару бойынша ағымдағы жағдайды, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарларды талқылады.