Құрылған жұмыс тобы мүгедек адамдар үшін әлеуметтік объектілердің қолжетімділігіне мониторинг жүргізді

Құрылған жұмыс тобы мүгедек адамдар үшін әлеуметтік объектілердің қолжетімділігіне мониторинг жүргізді

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы шеңберінде 2021 жылғы 11 қазанда «Nur Otan» партиясының Павлодар облыстық филиалы жанынан құрылған жұмыс тобы мүгедек адамдар үшін әлеуметтік объектілердің қолжетімділігіне мониторинг жүргізді.

Мүгедек адамдарға кедергісіз қолжетімділік жасау Қазақстан Республикасы Үкіметінің басым міндеттерінің бірі болып табылады.

Мемлекеттік мекемелер басшыларының, шағын және орта бизнес өкілдерінің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында облыста мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді орта құру қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Мүгедек адамдар республикамыздың басқа азаматтарымен тең дәрежеде барлық игіліктер мен қызметтерді кедергісіз пайдалануға тиіс, облыстың барлық ғимараттары мен құрылыстарының иелерін қолданыстағы құрылыс нормаларына сәйкес мүмкіндіктері шектеулі адамдарға кедергісіз қол жеткізу үшін қажетті шаралар қолдануға шақырамыз.