«ЕҢБЕК» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ

«ЕҢБЕК» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН  ІСКЕ АСЫРУ

Бесембай Жансұлу Рымбекқызы, Аққулы ауданы, Шәмші ауылының тұрғыны.

        2021 жылы Павлодар педагогикалық университетін «Биология» мамандығы бойынша бітірді. Оқуды бітіргеннен кейін Аққулы ауданының халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жүгінді. Ағымдағы жылдың 6 тамызында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Абай НЖББМ» КММ «Биология мұғалімі» мамандығы бойынша жастар практикасына жіберілді.    

       Практикадан сәтті өткеннен кейін ол «Биология» мұғалімі болып тұрақты жұмысқа қабылданды.

Маған жұмыспен қамту орталығынан қоңырау шалды, сіз жастар тәжірибесіне жұмысқа орналасқыңыз келе ме?! мен қуана келістім. 2 тамызда құжаттарды жинап, жұмыспен қамту орталығына тапсырдым. Мектептегі барлық тапсырмаларды орындағаннан кейін мен өзіме көп ақпарат алдым.

1 қыркүйектен бастап Абай атындағы негізгі білім беру мектебіне мамандығым бойынша жұмысқа орналастым.

Жастар практикасы

Колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектері үшін

Бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін

Ұзақтығы 6 айдан аспайды

Жалақысы 25 АЕК (72925 теңге)

Практика аяқталғаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі