«Қамқорлық» қайырымдылық айлығы өткізіледі

«Қамқорлық» қайырымдылық айлығы өткізіледі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «игі істер марафоны» акциясы аясында 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында облыста «Қамқорлық» қайырымдылық айлығы өткізіледі.

Осыған байланысты біздің облыстың меценаттары мен демеушілеріне, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына өмірлік қиын жағдайға тап болған отандастардың қажеттіліктері мен проблемаларына бей-жай қарамауға шақырамыз.

 Барлық сұрақтар бойынша облыстың қалалары мен аудандарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жүгінулеріңізді сұраймыз.