Павлодар облысында "Бастау" түлектерінен несие алуға өтінімдер қабылдана бастады

Павлодар облысында "Бастау" түлектерінен несие алуға өтінімдер қабылдана бастады

Өз жобаларын қорғап үлгерген "Бастау-Бизнес" бағдарламасының тыңдаушылары жылдық алты пайызбен қарыз алуға үміткер бола алады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz

"Атамекен-Павлодар" МҚҰ "Бастау"түлектерін несиелендіруге өтінімдер қабылдауды бастады.

- Кредитті кез келген саладағы жобаға алуға болады. Шағын несие бес жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін жеті жылға дейін беріледі. 2021 жылы ауылдық елді мекендер үшін қарыздың ең жоғары сомасы 7,2 млн теңгені, қалалар мен моноқалалар үшін – 18,9 млн теңгеге дейін құрайды, – деп хабарлады өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов.

Ол МҚҰ тұтынушылық мақсаттарға, алдыңғы кредиттерді өтеуге, өзінің берешектерін қайта қаржыландыруға, тұрғын жылжымайтын мүлік, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін сатып алуға қарыздар бермейтінін еске салды.

"Атамекен-Павлодар" микроқаржы ұйымы Павлодарда Луговая көшесі, 16 мекенжайы бойынша орналасқан. Телефондар: 8/7182 / 65-33-50, 65-61-81, моб: +7 775 889 52 52.

МҚҰ кеңесшілері несие алуға өтініш толтыруға көмектеседі.

Егер әлеуетті қарыз алушылар ауылдық жерде немесе моноқалада тұрса, облыс орталығына барудың қажеті жоқ. Өтінімді нақты моноқаланың немесе ауданның облыстық кәсіпкерлер палатасының филиалына беруге болады.