«Ізгі істер марафоны»

«Ізгі істер марафоны»

Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде «Ізгі істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында «Үміт Үзбеу» қоғамдық қоры «Никишина ЖК» және «Profo» ЖШС демеушілік қолдауымен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған толық емес отбасыларға материалдық көмек көрсетті.

«Үміт Үзбеу» ҚҚ мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді және олардың отбасылары қандай қиындықтарға тап болғанын жақсы біледі. Директор Г.Б. Омарова тұлғасындағы қор серіктестерінің арқасында мүмкіндігінше қордың қамқорлығындағы адамдарға материалдық көмек көрсетіледі.