Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Сіздерді барша мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздердің шаңырақтарыңызға құт-береке әкелсін!

Бұл қоғамдағы сенім, рухани құндылықтар мен келісімді нығайтатын уақыт. Рамазан айында адами қарым-қатынас бірінші орынға шығып, түсініспеушілік пен келіспеушіліктер артта қалады. Адамдардың жүрегі мейірімділік пен жақсылыққа толы, олардың іс-әрекеттері тек таза ниеттер мен бір-біріне деген құрметпен байланысты. Дәл осы өзара құрмет пен келісім қазақстандық халықты айрықша етеді. Бұл құндылықтар Қазақстанның өркендеуінің мызғымас негізі ретінде нығайып, ұрпақтан ұрпаққа беріле берсін.

Діндарлар мен облысымыздың барлық тұрғындарына мықты денсаулық пен табыс тілеймін, алға қойған жоспарларыңыз іске ассын!