Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызметкерлерін бірыңғай кешенді тестілеу

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызметкерлерін бірыңғай кешенді тестілеу

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қызметкерлердің білім деңгейі мен құзыреттілігін бағалау, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызметкерлерін, медициналық-әлеуметтік мекемелердің директорлары мен директорларының орынбасарларын, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің меңгерушілерін, халықты жұмыспен қамту орталықтардың директорлары, консультанттары мен ассистенттерін тестілеу ұйымдастырды.
2021 жылғы 15-24 ақпан аралығында облыстың әлеуметтік қорғау жүйесінің 775 қызметкері тестілеуден өтті.