Биыл жеті мыңнан астам павлодарлықтар жұмыспен қамту шараларымен қамтылады

Биыл жеті мыңнан астам павлодарлықтар жұмыспен қамту шараларымен қамтылады

Жұмыссыз халықты жұмысқа орналастыру және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау үшін Павлодар қаласында "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды жалғастырады. Бұған 2021 жылы шамамен 67 миллион теңге бөлінеді, деп хабарлайды Павлодар-онлайн.

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен биыл 7 210 адамды қамту жоспарланып отыр. Жыл басынан бері халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасуға 391 тұрғын өтініш білдірді. Бүгінгі таңда 2 700 павлодарлық жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде есепте тұр.

- Биыл қысқа мерзімді оқуға 215 адамды жіберу жоспарланған, - деп хабарлады қала әкімінің орынбасары Светлана Гладышева. - "Жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағыты бойынша 215 қатысушыға 200 АЕК көлемінде гранттар беру жоспарлануда, бұл әр қатысушыға 500 мың теңгеден сәл артық.

"Бизнес бастау" жобасы аясында 350 бастауыш кәсіпкерді оқыту жоспарлануда.

- Қаланың 286 кәсіпорнынан жұмыспен қамту үшін 2 160-тан астам бос жұмыс орны келіп түсті. Сондай-ақ, бізде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін 135 әлеуметтік жұмыс орнын құру жоспары бар. Әзірге әлеуметтік жұмыс орындарына 27 адам ғана жұмысқа орналастырылды, - деп жалғастырды әкім орынбасары. - Бүгінгі таңда қандай да бір маманды жұмысқа қабылдамас бұрын кез келген ұйым, кәсіпорын немесе зауыт бірінші кезекте біздің жұмыспен қамту орталығына бос жұмыс орны туралы хабарлама жіберуге міндетті.

Колледждер мен жоғары оқу орындары түлектерінің жастар практикасынан өтуі үшін 160 бос жұмыс орны ашылды. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша 320 орын бар. Халықты жұмыспен қамтуды қолдау шаралары "Жұмыспен қамтудың жол картасы"бағдарламасын іске асыру кезінде де көзделген.

- "ЖҚЖК" аясында төрт нысанға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл нысандарға жұмысқа орналасу үшін адамдар уақытша және тұрақты негізде жұмысқа қабылданатын болады, - деді Светлана Гладышева. - Әзірге олар бойынша конкурстық рәсімдер жүріп жатыр. Олар аяқталғаннан кейін біз адамдарды жұмысқа шақыруға кірісеміз.

Сондай-ақ, ол Павлодарда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрақты негізде жұмыс істейтін және осы жылы жалғастыратын бірқатар әлеуметтік қызмет алушылар бар екенін еске салды. Мысалы, ҰОС қатысушылары мен мүгедектері.

- Бүгінгі таңда, өкінішке орай, олардың саны 25 адам ғана қалды. 2019 жылы 61 адам, өткен жылы 40 адам болған. ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар - 773, зейнеткерлер - 60 130 адам, АӘК алушылар - 4 903, бейімдеу орталықтарында 189 адам тұрады, бірінші топтағы мүгедектер - 1 699, екінші топтағы мүгедектер - 4 764, үшінші топтағы мүгедектер - 4 009, - деп атап өтті әкім орынбасары.

Жұмысқа орналасу, оқудан өту және қайта оқытудан өтудің кез келген мәселелері бойынша павлодарлықтар Академик Бектұров 115, мекенжайы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласа алады.