Қорытынды 2020 Жұмыспен қамту

Қорытынды 2020 Жұмыспен қамту

2020 жылдың қорытындысы бойынша облыс бойынша 22 697 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 10 439 тұрақты жұмыс орны.

Халықты жұмыспен қамту жөніндегі шаралар Павлодар облысы бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің 2020 жылға арналған Кешенді жоспары шеңберінде іске асырылады, оған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасының (бұдан әрі-бағдарлама) және басқа да бағдарламалардың іс-шаралары енгізілген.

2020 жылы 31907 адам жоспарланып, жұмыспен қамту шараларымен 33768 адам қамтылды (105,8%).

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде (Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету) 447 адам қысқа мерзімді оқыту курстарынан өтті.

Бағдарламаның екінші бағыты аясында (жаппай кәсіпкерлікті дамыту) кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 1915 адам жіберілді, оның ішінде 1750 адам оқуды аяқтады. 514 адам жалпы сомасы 2441,6 млн.теңгеге шағын несие алды.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 200 АЕК-ке дейінгі мемлекеттік гранттарды 1971 адам алды.

Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде (халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту) субсидияланатын жұмыс орындарына 8082 адам, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 1281 жұмыссыз, оқу орындарының 938 түлегі жастар практикасына, қоғамдық жұмыстарға 5863 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды.

Электрондық еңбек биржасы арқылы бос жұмыс орындарына 16877 адам жұмысқа орналастырылды.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде облысқа 2101 адам келді, оның ішінде қандастар 555 адам.

Әлеуметтік қолдау шараларының бірі 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасын (ЖҚЖК) енгізу болды. Соның арқасында облыста 227 инфрақұрылымдық жоба іске асырылды, 11 814 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 6324 жұмыссыз адам жұмысқа орналастырылды.

Жалпы, ЖҚЖК іске асыру қорытындысы бойынша 148 әлеуметтік-мәдени нысан жөнделді және салынды, оның ішінде 113 мектеп, 19 денсаулық сақтау нысаны, 185 аула аумағы абаттандырылды, пайдалануға берілетін тұрғын үй алаңы 56,3 мың шаршы метрге (1116 пәтер) ұлғайтылды, 7,6 мыңнан астам адам сапалы ауыз суға қол жеткізді.