Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Бүгін, ZOOM режимінде Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібіне 2 мәселе енгізілді:
1. Облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарындағы жалақы бойынша берешектің жағдайы туралы.
2. "Қазақстан алюминийі" АҚ және "Қазхром"ТҰК АҚ филиалы АФЗ кәсіпорындарында өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
Бірінші мәселе бойынша жалақы бойынша берешек туралы облыстық еңбек басқармасының басшысы А. Қ. Қапанов хабардар етті.
Екінші мәселе бойынша "Қазақстан алюминийі" АҚ еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімінің бастығы А.Г. Чабанов және "Қазхром"ТҰК АҚ филиалы АФЗ директоры С. Л. Прокопьев баяндама жасады.
Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.