Азаматтарды қабылдау

Азаматтарды қабылдау

Басқарма басшысы Дисюпова Альмира Амановна азаматтарды жеке қабылдады

Бейнеконференцбайланыс режимінде өткен жеке қабылдауға Көктөбе ауылының тұрғыны мен Ақсу қаласының тұрғыны жазылды.

Олар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы санаторлық-курорттық емдеу бойынша қызмет көрсету және жұмысқа орналастыру мәселелерін көтерді.

Басқарма басшысы өтініш білдірушілерге түсініктемелер беріп, Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне әлеуметтік қызметтер порталымен жұмыс істеу бойынша оқыту жүргізуді тапсырды.