Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні мерекесіне орай марапаттау

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні мерекесіне орай марапаттау

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні мерекесіне орай облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Аманқызы Дисюпова ағымдағы жылы зейнеткерлікке шыққан басқарма басшысының орынбасары Х. Қ. Қашкеноваға "Еңбек ардагері" медалін, сондай - ақ "Әлеуметтік еңбек саласының үздігі" төс белгілерін басқарма бөлімінің басшысы М. З. Рахимжанова, басқарманың бас маманы О. К. Каримова және Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Л. И. Кузменковаға табыс етті.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Құрмет грамотасы тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтудың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының дәрігер-невропатолагы С. С. Сипатиловаға және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің алғыс хаты "Ардагер үйі" қарттар мен мүгедектерді оңалтудың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызметкері Б. К. Рахымхановаға тапсырылды.
Шын жүректен құттықтаймыз және барлық жақсылықтарды тілейміз!!!