Облыстық ЖЖМ, химиялық қорғау,
сауда және азық-түлік қызметі
2024 жылғы 31 шілде - 2 тамыз аралығында, сондай-ақ 7-9 тамыз
аралығында облыстық азаматтық қорғау қызметінің құрамында облыстық
жанар-жағармай қызметі, химиялық қорғау қызметі және сауда және азық-
түлік қызметі мамандары жоспарға сәйкес оқу-жаттығуларды өткізу және
мемлекеттік органдарды, Мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесі күштерін
және Павлодар облысының тұрғындарын 2024 жылға арналған төтенше
жағдайлар кезінде іс-қимылға дайындау үшін Баянауыл және Май
аудандарының басқару органдарымен, күштері мен құралдарымен кешенді
оқу-жаттығуларға қатысты.
Оқу-жаттығу барысында облыстың жедел әрекет ету тобының,
авариялық-құтқару бөлімшелерінің және азаматтық қорғаныс бөлімшелерінің
төтенше жағдайлар кезінде шұғыл әрекет ету жұмыстарын жүргізуге
дайындығы тексерілді.