Тікелей эфир

Тікелей эфир

Павлодар облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен «Адал көмек» жобасы белсенді жүзеге асырылуда.

Жобаның мақсаты - азаматтарды қызықтыратын құқықтық және басқа да мәселелер бойынша тегін кеңес беру. Жоба адамдар өздерінің құқықтық сауаттылығын арттыратын және білікті мамандардан толыққанды жауап алатын танымал алаңға айналды.

2021 жылдың 9 сәуір күні сағат 11.00-де Павлодар облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының кәсіпкерліктi дамыту бөлімінің басшысы Ермағамбетов Дархан тікелей эфирге шығады. Тақырыбы - "Бизнестің жол картасы - 2025" мемлекеттік бағдарламасы.