Тәуелсіздік күні қарсаңында «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ «Шығыс» кенішінің машинисі Мұрат Амангелдіұлы Қайыргелдинге Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан жоғары марапатқа ие болды

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ «Шығыс» кенішінің машинисі Мұрат Амангелдіұлы Қайыргелдинге Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан жоғары марапатқа ие болды

2020 жылғы 14 желтоқсанда Тәуелсіздік күні қарсаңында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ «Шығыс» кенішінің машинисі Мұрат Амангелдіұлы Қайыргелдинге Алтын жұлдызы бен «Отан»  ордені  - айырықша үздік белгісі бере отырып, жоғары дәрежелі үздік белгі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын табыстады.

Бұл атақ оған елдің экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін берілді.

1985 жылы «Шығыс» кенішінің бірінші кезегін тапсырғаннан кейін роторлық экскаватор машинисінің көмекшісі болды, жаңа кенішті өндіру есебінен көмірдің бірінші тоннасын өндіруге және тиеуге қатысты.

1992 жылдан бастап Мұрат Амангелдіұлы «Шығыс» кенішінің роторлық экскаватор машинисі болып, 2003 жылдан бастап машинистер бригадасын басқарды.

Оның бригадасы роторлық экскаваторда айына 700 мың тонна көмірдің  рекордтық көлемін өндірді.

Облыс индустриялық-инновациялық даму басқармасының ұжымы Мұрат Амангелдіұлы Қайыргелдинді оның еңбегінің  жоғары бағалануымен құттықтай отырып, денсаулық, отбасына амандық және жұмыста одан әрі табыстар тілейді!