Астрахан облысының кәсіпкерлерімен бейне-конференц-байланыс режимінде екі жақты кездесу өткізу

Астрахан облысының кәсіпкерлерімен бейне-конференц-байланыс режимінде екі жақты кездесу өткізу

Ағымдағы жылғы 10 желтоқсанда Астрахан облысы (РФ) мен Павлодар облысының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында бейне-конференц-байланыс сеансы өтті.

Индустриялық-инновациялық даму басқармасының орынбасары С.М. Нұркімбаев «Павлодар облысының өнеркәсіптік өндірісіндегі заманауи технологиялар» тақырыбында баяндама жасады.

Сондай-ақ, конференцияға қазақстандық тараптан «Павлодар» АЭА, «KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ және «Павлодар облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ өкілдері қатысты.

Ресейлік тарапынан Астрахань облысының әлеуеті туралы Астрахань СӨП Президенті, Астрахань қаласындағы ҚР Бас консулдығының басшысы, сондай-ақ Астрахань облысының халықаралық байланыстар агенттігінің, Астрахан ШОК қолдау қорының және Астрахань облысы бойынша РФ-дағы ҚР Сауда өкілдігінің өкілдері баяндады.

Тараптар бұл кездесу іскерлік ынтымақтастықты кеңейтуге, жаңа әріптестер табуға мүмкіндік беретініне және біздің өңірлер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды нығайтуға және дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.