Павлодар облысында ПМХЗ аумағында сутегі өндіретін қондырғы салу бойынша ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жұмыс барысымен облыс әкімі Асайын Байханов танысты.

Павлодар облысында ПМХЗ аумағында сутегі өндіретін қондырғы салу бойынша ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жұмыс барысымен облыс әкімі Асайын Байханов танысты.

Құны 90 млн еуродан асатын жобаны Air Liquide және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бірлескен кәсіпорны іске асыруда. Қондырғының қуаттылығы сағатына 12 500 нм³ сутегі өндіруге жетеді, 2026 жылдың соңында іске қосу жоспарланған.

Жобаның ерекшелігі: бутан-бутилен фракциясынан сутегі өндіруге арналған FOIK инновациялық технологиясын қолдану. Павлодар облысы бұл шешімді Air Liquide алғаш рет енгізетін әлемдегі алғашқы алаңға айналады.

Қазіргі уақытта нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, жабдықтар орнатылуда. Құрылыс кезеңінде шамамен 200 жұмыс орны ашылды, ал жоба іске қосылғаннан кейін 25 тұрақты жұмыс орны құрылады.

Асайын Байханов жаңа өндірістің маңыздылығын атап өтті.
- Бұл жоба стратегиялық маңызға ие: сутегі қысқы дизель отынын өндіруде пайдаланылады, бұл импортқа тәуелділікті азайтып, елдің энергетикалық қауіпсіздігін арттырады, - деді өңір басшысы.