
Өңірде негізгі салалар тұрақты өсімге ие. 1,3 трлн теңге инвестиция тартылып, өнеркәсіп өндірісі 4,1 трлн теңгеге, ауыл шаруашылығы өнімі 571,4 млрд теңгеге жетті.
Әлеуметтік міндеттемелер кезең-кезеңімен орындалуда. 30 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, 7 мектеп, 30 медициналық нысан салынды, 621 км жол жөнделді. Ауылдар толықтай таза ауыз суға қол жеткізді. 3 қалада қоғамдық көлік 100% жаңартылды.
Президентке жаңа көпірдің құрылысы, әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта құру, трамвайларды жаңарту, 3-ші МАЭС-тің құрылысы және «ДӨО алқабы» жобасын іске асыру бойынша берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндалды.
Мемлекет басшысы өңір экономикасын одан әрі әртараптандыру, инвестиция тарту және инфрақұрылымды жаңғырту бойынша тапсырмалар берді.
Президент Екібастұз қаласымен әуе қатынасын дамытуға ерекше назар аударып, жаңа әуежай ашу мәселесін пысықтауды тапсырды.