
Аталған жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі стратегиялық міндеттері аясында жүзеге асырылды.
Жаңа зауыт - Ертіс-Баян өңірінің өндірістік қуатын нығайтып, одан әрі өркендеуіне серпін беретін маңызды қадам. Жобаға 11 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылып, 300-ден аса жаңа жұмыс орны құрылды. Кәсіпорын жылына 5 мың тоннаға дейін катодты мыс өндірмек. Бұл - энергетика, машина жасау және жоғары технологиялық салалар үшін айрықша маңызға ие стратегиялық металл.
Әсіресе, өндірісте экологиялық қауіпсіздік пен озық технологиялардың енгізілуі - заман талабына сай өндірістің жарқын үлгісі.
Жаңа зауыт өнеркәсіптің дамуына, экспорттық әлеуеттің артуына және халықтың әл-ауқатының жақсаруына тың серпін беретініне сенім мол.