2020 жылғы 12 қарашада жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

2020 жылғы 12 қарашада жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

2020 жылғы 12 қарашада облыс әкімінің орынбасары С.Б. Шаяхметовтің төрағалығымен жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия жұмысына мүдделі мемлекеттік органдар, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, жергілікті тауар өндірушілер, «Павлодарэнерго» АҚ, «Павлодар жылу желілері» ЖШС қатысты.

Бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілерді салу кезінде отандық тауар өндірушілердің өнімдерін пайдалану мәселелері қаралды.

Атап айтқанда, «Бемер Арматура Казахстан» ЖШС Павлодар қаласының сумен жабдықтау объектілерінде және Екібастұз қаласының тұрғын үй құрылысында өнімдерді қолданды.

Бұдан басқа, Павлодар ӘКК тұрақтандыру қорын қалыптастыру барысындағы қазақстандық қамту үлесі талқыланды.

Сондай-ақ, Павлодар мен Аққулы аудандарының әкімдіктері «қарапайым заттар экономикасы» 6 бағыты бойынша мемлекеттік сатып алулар туралы есеп берді.