
2026 жылғы 1-3 сәуірде Астана қаласында Экспо көрме кешенінің аумағында VII Халықаралық машина жасау және металл өндеу көрмесі өтеді.
Қазақстанның машина жасаушылар форумы сала кәсіпорындары үшін ықтимал серіктестермен кездесулер өткізуге, өзінің әлеуеті мен перспективалы жобаларын таныстыруға бірегей мүмкіндік береді.
Форум бизнес-қоғамдастық пен мемлекет арасындағы саланың проблемалық мәселелері бойынша өзара іс-қимылды күшейтуге, оларды шешу жолдарын әзірлеуге, сондай-ақ әлемдегі геосаяси жағдайды ескере отырып, саланы дамыту перспективаларын талқылауға бағытталған.
Форумға машина жасау өнімдерінің ірі тұтынушыларының, даму институттарының басшылары, сондай-ақ Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі шетелдік әлеуетті әріптестер шақырылады.
Сонымен қатар, форум аясында «ONDEU EXPO 2026» өңдеу өнеркәсібінің халықаралық көрмесі өтеді.
Толығырақ ақпарат алу үшін мына телефонға хабарласуға болады: 32-33-36, 32-33-48.