Облыс әкімі Асайын Байханов экологиялық жағдайдың нашарлауына әкеп соқтырған Екібастұздың көмір кеніштеріндегі соңғы эндогендік өрттерді жан-жақты талдаған көшпелі жиналыс өткізді.

Өңір басшысы мұндай жағдайлардың қайталануына жол берілмейтіндігін атап өтіп, қаладағы барлық көмір кеніштерінде тәртіп орнатуды талап етті.

Көмір өндіру кәсіпорындарының басшыларына барлық экологиялық тәуекелдерді дереу жоюға, ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып үйінділердің температуралық режиміне тәулік бойы мониторинг жүргізуге нұсқау берілді.

Облыс әкімі кез келген түтіндену немесе ластаушы заттардың шекті мөлшерден асу фактілері қайталанған жағдайда бұл өрескел бұзушылық ретінде қарастырылып, кәсіпорын басшылығын жауапкершілікке тартуға дейін қатаң шаралар қолданылатын айтты.

Сондай-ақ түтіннің пайда болу себептерінің бірі - жеке сектордағы пешпен жылыту жүйесі. Екібастұз қаласының әкіміне III тоқсанның соңына дейін 22-ші шағын ауданның жеке секторын орталық жылумен қамтамасыз етуге арналған ЖСҚ-ны әзірлеу, сондай-ақ ЕЖЭО-на жылу жүктемесін есептеу міндеті қойылды.