2020 жылғы 23 қазанда жергілікті тауар өндірушілерге жүйе құраушы кәсіпорындар мамандарының баруы ұйымдастырылды

2020 жылғы 23 қазанда жергілікті тауар өндірушілерге жүйе құраушы кәсіпорындар мамандарының баруы ұйымдастырылды

2020 жылғы 23 қазанда облыстың жүйе құраушы кәсіпорындарының сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесін арттыру мақсатында жергілікті тауар өндірушілерін, атап айтқанда «Технопром Текс» ЖШС, «Светлана» тігін фабрикасы ЖШС, «TROYA» ЖШС, «Эко Пром» ЖШС-ке жүйе құраушы кәсіпорындар мамандарының баруы ұйымдастырылды.

Кәсіпорынды аралау барысында ШОБ өнімдерін өндіру технологиясымен танысты, ірі кәсіпорындардың талаптарына сәйкес шығарылатын өнімнің сапасын қамтамасыз ету, сатып алу мәселелері талқыланды.

«Қазақстан алюминийі» АҚ, «ЕЭК» АҚ, «Каустик» АҚ, «Бозшакөл КБК» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Майкубен Вест» ЖШС және «Ангренсор Энерго» ЖШС мамандары қызығушылық танытты.