«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ өкілі Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді

«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ өкілі Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді

«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ (бұдан әрі – QazIndustry) отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша ҚР Сауда және интеграция министрлігінің операторы, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыру және кәсіпкерлер шығындарын өтеу бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің операторы болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік ынталандыру шараларын алу шарттары мен тетіктерін түсіндіру мақсатында «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-тың қолдау құралдарын дамыту және мониторингілеу дирекциясының бас сарапшысы А. М. Бекбергенов жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді.

Сапар барысында индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары С. М. Нуркимбаевпен  кездесуі өтті.

Павлодар қаласында «Павлодар» АЭА аумағында орналасқан өнеркәсіптік кәсіпорындан («УПНК-ПВ» ЖШС, «ASCOR өндірістік бірлестігі» ЖШС, «Каустик» АҚ, «Казциносфера» ЖШС, «Вектор» ЖШС); тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын («Жандос-KZ» ЖШС, «Гринланд Инвест» ЖШС, «Сүт» АҚ, «КЭММИ» ЖШС, «РубиКом» ЖШС) аралады. Екібастұз қаласында өңдеуші өнеркәсіптің негізгі кәсіпорындарымен («Проммашкомплект» ЖШС, «Проммаш.KZ» ЖШС, «R. W. S. Wheelset» ЖШС) кездесулер өтті

Сапар тақырыбы шеңберінде  кәсіпорындардың қызықтырған барлық сұрақтарына жауаптар берілді.

Сондай-ақ, А.М. Бекбергенов «Ertis» телеарнасына мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану бөлігіндегі облыс кәсіпорындарының мүмкіндіктерін талқылаумен сұхбат берді.