
Облыс кәсіпкерлерінің назарына!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 473 қаулысымен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған екінші санаттағы рұқсаттар беруді жүзеге асыратын уәкілетті орган болып бекітілді.
Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 327 бұйрығымен Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру бойынша мемлекеттік қызыметті көрсету қағидаларын бекітілді.
Осы мемлекеттік қызметті «электрондық үкімета» веб-порталы арқылы көрсету бойынша уәкілетті мемлекеттік орган болып «Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі белгіленді.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпаратты 8 (7182) 323 336 немесе 323 348 телефондары арқылы алуға болады.