
31 қазанда Астана қаласында “Kazakhstan Global Investment Roundtable 2025” халықаралық инвестициялық форумы аясында Павлодар облысының әкімдігі мен «Naz Dan Group»және «QazRoyalPak» компаниялары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
Келісімдер өңірде инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және облыстың өндірістік әлеуетін дамытуға бағытталған.
Бұдан бөлек, Air Liquide Group компаниясы «Қазақстанның стратегиялық инвестициялары мен өнеркәсіптік инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» марапатымен атап өтілді. Компания «ПМХЗ» ЖШС аумағында сутек өндіру қондырғысын салу жөніндегі инвестициялық жобаны жүзеге асыруда.