Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өңірлік инвестициялық штабтың отырысын жаңа форматта өткізді.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өңірлік инвестициялық штабтың отырысын жаңа форматта өткізді.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өңірлік инвестициялық штабтың отырысын жаңа форматта өткізді. Енді жобаларды іске асыру мәселелері әрбір инвестормен жеке-жеке, яғни, құрылыс кезеңінен бастап түйінді мәселелерге дейін талқыланады.

Өңір басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында инвестиция тартуға, өңдеу өнеркәсібін дамытуға және тиімді жобаларды қолдауға баса назар аударылғанын атап өтті.

Отырыста жеті ірі жоба қаралды. Олардың қатарында Екібастұздағы үш ферроқорытпа зауытының құрылысы, «Павлодар» АЭА аумағындағы гидрометаллургиялық кешен, катодты мыс, алкилат өндірісі және ПМХЗ-да сутегі өндіретін инновациялық қондырғы салу жобасы бар.

Отырыс қорытындысы бойынша өңір басшысы өңірдің барлық инвестициялық жобаларына жан-жақты қолдау көрсетуді және туындайтын мәселелерді жедел шешуді тапсырды.