2020 жылғы 1 қазанда Жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі кезекті комиссия өтті

2020 жылғы 1 қазанда Жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі кезекті комиссия өтті

2020 жылғы 1 қазанда Жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі кезекті комиссия өтті, оған Кәсіпкерлер Палатасы, «Троя» ЖШС, «Арт Класс» ЖШС және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар қатысты.

Комиссия шеңберінде өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылығы индустриялық сертификаттарды беру тәртібі және ШОБ кәсіпорындарында туындайтын проблемалық мәселелер туралы хабардар етті.

«Troya» ЖШС жиһаз фабрикасы облыстың мемлекеттік органдары мен ірі жүйе құрушы кәсіпорындарына шығарылатын өнімді жеткізуге дайындықпен және презентациямен сөз сөйледі.

Тереңкөл, Ертіс және Железин аудандары әкімдерінің орынбасарлары құрылыс материалдарын, жеңіл, жиһаз, азық-түлік, машина жасау және химия өнеркәсібін мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту үлесінің көрсеткіштері туралы баяндады.

Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары С.Б. Шаяхметовке ҚР Қаржы министрлігімен индустриялық сертификаттар беру бойынша проблемалық мәселелерді пысықтау тапсырылды.

«Troya» ЖШС «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-пен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізді.