2024 жыл бойынша жолаушылар тасымалы саласындағы жұмыстардың қорытындысы

2024 жыл бойынша жолаушылар тасымалы саласындағы жұмыстардың қорытындысы

 Павлодар облысында 183 бағыт қатынасы бар, соның ішінде 7 халықаралық, 5 облысаралық, 34 облысішілік, 68 ауданішілік және 69 қалалық (с.і. 14 трамвай) бағыт, осылайша 345 АЕМ-нің 90 % немесе 308 АЕМ жолаушылар тасымалымен қамтылды.

2024 жылы жолаушылар тасымалының тұрақты жұмыс істеуін және қолжетімді тариф деңгейін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен жалпы сомасы 11,5 млрд. теңгеге 116 автобус бағыты субсидияланды. Соның ішінде 56 қалаішілік, 25 облысішілік, 35 ауданішілік бағыт. Сондай-ақ, Павлодар қ. 1,5 млрд. теңге сомасына 11 трамвай бағытына субсидияланды.

Павлодар облысы мектеп жасындағы балаларға күнтізбелік жыл бойына қалалық қоғамдық көлікте тегін жүруді қамтамасыз етеді, оқушылардың жалпы саны шамамен 84 000 баланы құрайды. Бұл мақсаттарға облыстық бюджеттен 772 млн. теңге бөлінді.

 Қалалық қоғамдық көлікті жаңарту мақсатында 2024 жылдың басынан бері Павлодар облысында 100 бірлік жаңа жайлы автобус жаңартылды. Соның ішінде 33 үлкен сыйымдылықты 1 санатты автобус және 67 орта санатты автобус.

Сондай-ақ Еуропалық қайта жаңарту және даму банкі арқылы несие беру есебінен 2 жыл ішінде аккумулятормен жүретін автономды 25 жаңа трамвай сатып алу жоспарлануда.

        Облыстың теміржол көлігі инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 2024 жылдың наурызында 1,3 млрд. теңге сомасына Павлодар қ. ТЖ вокзалының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Сонымен қатар Екібастұз қаласындағы теміржол вокзалын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. ҚМЖ құны 960 млн. теңге. Жоба ғимараттың фасадын, жылу жүйесін және үй-жайларды жөндеуді қамтиды. Бүгінгі күні жұмыс 95 % орындалды. Нысанды пайдалануға берудің болжамды мерзімі – 2025 жылдың 1 тоқсаны.

Облыстағы әуе көлігі инфрақұрылымын дамыту үшін Павлодар қ. әуежайының қолданыстағы ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жобасы жүзеге асырылуда. 2024 жылы Ұлттық қордан 4,8 млрд. теңге бөлінді. Жоба екіжылдық, жұмысты 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Сондай-ақ 2 жоба бар: ұшу-қону жолағын 3000 метрге дейін ұзарту және ұшу алаңын сағатына 200-ден 400 жолаушыға дейін арттырумен әуежай ғимаратын қайта жаңарту.

 Жоғарыда аталған жобаларды 2025-2026 жылдары жүзеге асыру жоспарлануда.