Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының нормативтік жағдайдағы үлесі 96%-ға жетеді деп күтілуде.

Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының нормативтік жағдайдағы үлесі 96%-ға жетеді деп күтілуде.

Облыс аумағындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 5 515 км, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 1 663 км, облыстық маңызы бар жолдар – 1 122 км және аудандық маңызы бар жолдар – 2 730 км құрайды.

Өткен жылғы жол-құрылыс жұмыстарының нәтижесінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының нормативтік талаптарға сәйкестік деңгейі 95%-ды құрады.

2025 жылы жалпы ұзындығы 641,2 км елді мекендердің автомобиль жолдары мен көшелерін жөндеуге бағытталған 128 жоба 71 млрд теңге көлемінде жүзеге асырылуда. Оның ішінде:

- республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ұзындығы 196,2 км құрайтын 8 жоба 43,4 млрд теңгеге;

- жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында ұзындығы 244,5 км құрайтын 41 жоба 14,5 млрд теңгеге;

- елді мекен көшелерінде ұзындығы 200,5 км құрайтын 79 жоба 13,1 млрд теңгеге іске асырылуда.

Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының нормативтік жағдайдағы үлесі 96%-ға жетеді деп күтілуде.