2025 жылғы 12 наурыз күні аудан әкімдігінде аудан әкімі А.Т. Маңғұтовтың төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың және мас күйінде жасалған құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде атқарылған жұмыстар және нашақорлықтың алдын алу жөніндегі 2025 жылға арналған жұмыс жоспарлары туралы.

Тереңкөл ауданында 2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимылға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру қорытындылары туралы.

Байқоныс ауылдық округі әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.

Барлық ұсынылған ақпаратты тыңдап, құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясымен отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы және мас күйінде жасалған құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты күшейту, ауданда есірткі қылмысының алдын алу жөніндегі жұмысты күшейту жөнінде қажетті шаралар қабылдау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған қажетті шараларды қабылдау жөнінде ұсыныстар берілді.