ТАҒАЙЫНДАУ

ТАҒАЙЫНДАУ

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” Заңына сәйкес Тереңкөл ауданы әкімінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі өкімімен “Тереңкөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі” мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы болып Марат Слямбекұлы Мұқышев тағайындалды.
​Марат Слямбекұлы 1983 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 2008 жылы Павлодар Инновациялық Еуразия университетін “Электр энергетикасының инженері” мамандығы бойынша инженер біліктілігін алып бітірген.
Марат Слямбекұлы еңбек жолын 2004 жылы бастаған.
Әр жылдары Качир ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде бас маман-инженер, “ҚазМұнайГаз өнімдері” АҚ еңбекті қорғау шебері, Тереңкөл ауданының “Өркендеу” ЖШС директоры, Качир АЭЖ қосалқы станция қызметінің инженері қызметтерін атқарған.